Шығыс Қазақстанда Ленин ескерткішінің құлауына байланысты тергеу басталды
Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында Ленин ескерткішінің құлауына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 203-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Владимир Ильич Лениннің құрметіне орай құрылған ескерткіштің құлаған видеосы тарады.
Қаладағы орталық алаңында 15 тамыздан бері қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Жобаға Ленин ескерткіші тұғырының гранит плиталарын қалпына келтіру жұмыстары да енгізілген.
Мердігердің айтуынша, ол мүсінге зақым келтірмеу үшін қайта құру кезінде оны алып тастауды ұсынған. Алайда жұмыс барысында ескерткішті байқаусызда құлатып алған.
Құлап кеткен мүсінді мердігерлер өз қаражатына қайта қалпына келтіреміз деп отыр.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушыысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”