Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар көлікті балшықтан алып шықты
13 cәуірге қараған түні Шығыс Қазақстан облысының Глубоковский ауданында жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көлікті балшықтан алып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Глубоковский ауданында "Аврора" стансасының маңында "ГАЗель" көлігі лайға батып кеткен. Жүргізушінің өздігінен шығу әрекеті сәтсіз аяқталды. Артынша ер адам құтқарушыларға көмекке жүгінген.
Оқиға орнына рельефтік көлікпен жеткен жедел-құтқару жасағының мүшелері көлікті лайлы аймақтан қауіпсіз аймаққа алып шықты. Құтқарушыларға алғысын білдірген жүргізуші жолын жалғастырды.
"Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", - делінген хабарламада.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан