Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар үшін шенген визасы қашан және қаншаға қымбаттайды

11 маусымнан бастап Шенген визасының құны көтеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шенген

Фото: Pixabay.com

Шенген визасының құны маусымда өсетінін еуропалық комиссия растады. Виза 12% қымбаттайды. Өтінім құны ересектер үшін 80 еуродан 90 еуроға дейін және балалар үшін 40 еуродан 45 еуроға дейін өседі.

Комиссия бұған мүше елдердегі инфляция әсер еткенін айтты. Брюссель басқа елдердің виза құнымен салыстырғанда шенген визасы салыстырмалы түрде арзан екенін айтты. Мысалы Ұлыбритания визасы 134 еуро, АҚШ визасы шамамен 185 еуро, Аустралия визасы 117 еуро тұрады.

Шенген елдеріне Ирландия мен Кипрді қоспағанда, ЕО-ға мүше елдер, сондай-ақ Румыния мен Болгария кіреді. Норвегия, Исландия, Лихтенштейн және Швейцария ЕО мүшелері болмаса да, Шенген конвенциясының мүшелері.

Еске салсақ, бұған дейін Шенген визасы бағасының көтерілетіні айтылды. 

Талқылау