Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шайтанмен сөйлесе ме? Білмеймін": Қызылордалықты полиция алып кетті

Ащы су атаңнан қалған ас емес десек те, оны судай сіміретін жанның бірі – Самат. Қызылордалық жігіттің айтуынша, қанша тырысса да, арақ көрсе, жолдан тайып кете береді. Осы орайда жас жігіттің анасы оны неге полицияға тапсырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап. 

жын

«Ұйықтамай жынмен сөйлесе ме әлде шайтанмен сөйлесе ме? Білмеймін. «Мен пәленшемен сөйлесіп жатырмын» деген кезде біз үрейленіп, қорқамыз. Сөйтіп бұл баланы талай рет полицияға ұстатып жібердім. Оған сайтан не жын кіріп кеткенін білмеймін. Ішіп алса, бәлелер көрінетін сияқты. «Балаң мен келіншегің бар, қойсаңшы» деймін», - деп алаңдайтынын жеткізді Гүлшахар Әшірбаева. 

Бұл жағдайды Саматтың келіншегі Малика да растады. Айтуынша, бірнеше күн бұрын күйеуі жындармен тілдесетінін айтып, зәресін ұшырған. 

«Бұл соңғы уақытта болды. Біз екеуіміз ұйықтап жатқанбыз. Басында қызым екеуі ойнап отырды. Сағат он бірден асып бара жатқан кезде жарықты сөндіріп, жата берейін десем, көзі дөп-дөңгелек болып, шарасынан шығып кетейін деп тұр. «Жындардың басшысы Даруыл» деп сөйлеп жатыр. Түрткілеп, Құран оқуын сұрадым.

Оқи алмай, көзінен жас шығып, біртүрлі болып кетті. Бір тесікке қарап алған, «Маған келіп тұр» деді. Анамызды шақырып келмек болып едім. Қызымыздың ішіне жын кіруі мүмкін екенін айтты. Шошып кеттім. Анам екеуіміз қорықтық, содан кейін полицияға қоңырау шалып, олар алып кетті», - деді Малика Сейілбекова. 

Сондай-ақ, келіншек күйеуінің бұған дейін де түнімен ұйықтамай, марқұм әкесі мен атасына жалынатынын айтты. 

Талқылау