Шашты қырқа ма әлде қысқарта ма? Сіз біле жүретін тіркестер
Тілімізде әр түрлі факторлардың әсерінен қате қолданыстар қатары азаймай тұр. Солардың ішінде қате қолданылып жүрген сөз тіркестерін бүгінгі материалымызда талқылаймыз.
«Шаш қию» деген сөз тіркесін еліміздің әр өңірінде әртүрлі айтады. Диалект – тілдік ерекшеліктер десек те, дұрыс мағынасында қолданғанымыз жөн. Бірі – «шаш қысқарту» десе, бірі – «шаш кесу», енді бірі – «шаш қырқу» деп қолданып жүр.
Неліктен «қысқарту, кесу, қырқу» деген етістіктерді пайдаланған? Неліктен олар дұрыс емес?
«Шаш қысқарту» – орыс тілінің ықпалынан болған пайда болған сөз тіркесі десек, «шаш кесу» тіркесіндегі кесу етістігі бұл сөзге тіркесе алмайтынын айтамыз. Себебі шашты кеспейді, қияды. Сол сияқты қырқу етістігі де бұл сөзбен тіркесе алмайды, шашты қырықпайды, жүнді қырқады.
«Картоп аршу» – деген сөз тіркесіне жарыспалы нұсқа ретінде «картоп тазалау» деп қолданып жүр. «Картоп тазалау» деген тіркес те – калька. Сондықтан «картоп аршу» деп қолданғанымыз жөн.
Дайындаған: Аққибат АҚЖІГІТОВА

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
