Семейде бюджет қаржысын ұрлау фактісі анықталды
Семей қаласындағы жылумен қамту нысандарында бюджет қаржысын жымқыру фактісі анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыс Семей қаласының "Теплокоммунэнерго" МКК қазандықтарының жылыту маусымына дайындығын тексеру барысында белгілі болды. Тексерісті Абай облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті бірлесе жүргізді.
“Облыс әкімі арнайы комиссия құрып, мердігер ұйымға жылыту маусымында Семей қаласын жылумен жабдықтау жүйелерінің үздіксіз жұмысы істеуі үшін жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімдері белгіленді”, – деді мекемеде.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды