Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Семей орманы" резерватындағы өртке кінәлі лауазымды тұлғалар 7 жылға дейін сотталды

Бас прокуратура "Семей орманы" резерваты өрттің сөндіруін қамтамасыз етпеген уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Нәтижесінде резерваттың Бас директорының міндетін атқарушы мен Новошулбинск филиалының директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Оның шешімімен айыпталушылар 2024 жылы мамырда абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі (Өрт қауiпсiздiгi, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет талаптарын бұзу) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2024 жылы тамызда Абай облыстық апелляциялық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сондай-ақ сотталғандардың, адвокаттардың және қорғаушылардың шағымдары қанағаттандырылмады.

2024 жылы қазанда келесі қылмыстық іс бойынша Семей қаласының №2 соты резерваттың ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің бастығын абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық фактісі Қылмыстық кодекстің 371-бабы 2-бөлігі (Салғырттық) бойынша мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 3 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айырды. Сондай-ақ 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.



Сонымен бірге 2024 жылы қазанда Бородулиха аудандық сотының шешімімен "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" РМҚК бас директорының міндетін атқарушысына қатысты шешім шығарылды. Ол мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 2 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айырылды. Сонымен бірге Қылмыстық кодекстің 371-бабы 2-бөлігі (Салғырттық) бойынша 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Осылайша, барлық кінәлі жазаның әртүрлі мерзімдеріне сотталды.

Бас прокуратураның ұсынысы бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері де түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қадағалау ведомствосы орман және қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізді.

Айта кетейік, бұған дейін "Семей орманында" болған өртке қатысты тағы бір адам сотталып, 161,5 миллиард теңге төлеуге міндеттелгені туралы жазған едік. 

Талқылау