Сарапшы қазақстандық спортшыны "бокс әлемінің болашақ жұлдызы" деп атады
"неКАРАтэ" YouTube-арнасының авторы Махмұд Сабырханды украиналық чемпион Василий Ломаченкомен салыстырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшының сөзінше, Ломаченко Олимпиададағы жеңісінен кейін кәсіпқой боксқа кетіп, әлемдік жұлдызға айналған.
"Бұдан ешкім ұтылған жоқ. Біз жаңа жарқын жұлдызды көрдік. Меніңше, мұндай аналогия орынды. Енді Махмұд Сабырханды бақылаймыз", – деді ол.
Махмұд Сабырхан әуесқой бокста әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Сонымен қатар 2023 жылы өткен Азия чемпионатының жеңімпазы.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді

