Сақтандыру қорынан қомақты ақша алмақшы болған бойжеткен өзінің қолын кесіп тастады

Словения тұрғыны сақтандыру қорынан 1 млн еуро алу үшін өзінің қолын кесіп тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ABC News порталына сілтеме жасап.

Юлия

Юлия Адлесич есімді бойжеткен өзінің жігітімен 2019 жылы ақылдасып, қолын кесу туралы шешімге келген. Ал бұған дейін 22 жастағы қыз бес сақтандыру ұйымдарымен келісімшарт жасапты. 

Егер бойжеткен жазмыш жағдай орын алып, қолынан айырылып қалатын болса, оған 1 миллион еуродан астам өтемақы төленіп, қомақты ақшаның бір бөлігі ай сайын берілуі тиіс екен.

Словениялық ару қолынан айырылып қалғаннан кейін олар сүйіктісі екеуі ауруханаға барыпты. Айтуларынша, бойжеткен ағаш кесіп жатқан кезде, зардап шеккен. Бұған қоса олар әдейі Юлияның кесілген қолын өздерімен бірге алмай кетіпті. 

Десек те жұптың ойлағаны іске аспапты. Прокуратура тексере келе, Юлияның жігіті бұған дейін интернеттен жасанды адам қолдарының қалай жұмыс істейтіндігін іздегенін анықтапты. Бұл олардың бұл әрекетке алдын ала ақылдасып барғанының тағы бір дәлеліне айналған.

Екеуінің ісі сотқа жіберілген, алайда бойжеткен бұлай істеуге дәті шыдайматынын айтыпты. 

"Ешкім мүгедек болғысы келмейді. Менің жастық шағым ойрандалды. Мен 20 жасымда қолымнан айырылып отырмын. Бұның қалай болғанын мен ғана білемін", - депті бойжеткен сот отырысында. 

Словения соты Юлия Адлесич алаяқтық жасамақшы болды деп тауып, оны екі жылға, ал сүйіктісін үш жылға бас бостандығынан айырыпты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр