Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жек уақыты белгілі болды
Қазақстандық бірінші орта салмақтағы боксшы Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін 2025 жылдың 19 сәуірінде АҚШ-тың Калифорния штаты, Коммерс қаласында өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның қарсыласы мексикалық боксшы Элиас Эспадас (23-6, 16 КО) болады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.
Қазір Элиас Boxrec статистикалық ресурсының бірінші орта салмақтағы боксшылар рейтингінде 206-орында тұр. Ал қазақстандық боксшы бұл кестеде 32-орында.
Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 13 желтоқсанында Калифорнияда өткізіп, америкалық Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) жетінші раундта нокаутпен жеңді.
Қазір Ахмедов Геннадий Головкинмен жұмыс істеген танымал промоутер Том Леффлермен және бұрынғы бапкер Абель Санчеспен, экс-менеджер Олег Германмен серіктестік орнатқан.
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық
Қазақстанда 62 жыл бойы не себепті Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды
Наурыз - діни мейрам, ескіліктің сарқыншағы деген жалған айыптар тағылды

