Рүстем Жаныамановтың жары: Ұлым емі жоқ ауруға шалдықты, медицина таппаған емді басқа нәрседен таптық
Рүстем Жаныамановтың әйелі Жанаргүл ханым отбасылық қиындықтары мен одан шығу жолын сөз етті. Актриса еш жерде айтпаған сырын бөлісті. Ауыр сыннан соң ерлі-зайыптының сыйластығы одан әрі арта түскен.

Бұл туралы актриса “Жұлдыздың жары” бағдарламасында айтты.
Жанаргүл Жаныаманова театр актрисасы. Рүстем Жаныамановпен өнер ордасында танысып, бірге қол ұстасып келеді. Биыл отау құрғанына 10 жыл толған.
“Мен мансап қуамын, актриса боламын деп жоспарлағанмын. Тұрмыс құрған соң да баламды әжесіне тастап театрда жұмыс істеп жүрдім. Үйіміз жақын болды. Арасында үйге барып, театрда рөлімді сомдап жүрдім. Ұлымыз біздің қызметімізге үйренген. Театр мен үйдің арасында жүре беретін. Солай жүргенде ауырып қалды. Дәрігерлер оның емі жоқ деді. Көмектесе алмайтынын айтты. Ұлым көп тәтті деп, тамақты аз ішеді екен. Жасына байланысты міндетті екпені салдырғанда ол емі жоқ ауруға шалдықты. Дәрігерлер екпе салмай тұрып тексермеген. Тромбоциттері 0-ге түсіп кеткен. Оның бір түссе, көтерілуі қиын екен”, – дейді актриса.
Ерлі-зайыпты алдымен бір-бірін кінәлап, соңы дауға ұласқан. Медицинадан қайран болмаған соң бақсы-балгер, емші-тәуіпке барып көмек сұрайды. Көптеген биологиялық қоспаларды ішеді. Алайда оның ешбірінің көмегі болмаған.
- Жанаргүл Жаныаманова: Дариға Бадықова продюсерлерге "Рүстем мүлде рөлде ойнай алмайды" деп айтқан екен
- "Ыңғайы келсе сүйісу керек": Актер Рүстем Жаныаманов ұятсыз эпизодтар жайлы
“Мен өзімді қолға ала бастадым. Өзімнің көп уақытымды жұмысқа арнағанымды түсіндім. Баланың қасында бола алмағаныма өкіндім. Бала тәрбиесі, отбасындағы бала мен ананың рөлі туралы зерттей бастадым. Барлық мәселе біздің қарым-қатынасымызға байланысты секілді болды. Адам мұндайда не күйзеліске түседі. Не даму жолына кетеді. Мен өзімді дамыттым. Әйел ретінде, ана ретінде дами бастадым. Қазір ұлымның жағдайы жақсы. Өз-өзінен жақсара бастады. Дәрігерлердің өзі таңғалды. Біз сөйлесу арқылы, диалог арқылы жеңдік пе деп ойлаймын. Қазір жағдайы қалыпты. Түзеліп келеді”, – деді Жаныаманова.
Айтуынша, ауыр сыннан өткен соң жолдасы екеуінің сыйластығы тіпті арта түскен.
“Рүстем екеуміз ұрыспайтын болдық. Керісінше құрметтей түстік. Ел таңғалады. Қалай бір-біріңді жақсы көресіңдер дейді. Адамға сынақ бергенде, бір-біріңе деген сый артады. Кейде осылай болғаны дұрыс болды ма деп те ойлаймын”, – дейді ол.
Актриса жолдасының ашық кадрлары жайлы айта кетті. Ол актерді өзге актрисалардан қызғанбайтын көрінеді.
“Мен оны қызғанбаймын. Керісінше “дұрыстап сүйіспедің бе? Көрерменді қалай сендіресің, жасанды болып қалды” деп отырамын. Бұл өнер. Сондықтан көрерменді сендіре алу керек”, – дейді актерді жары.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады