Риодағы Олимпиаданың ашылу салтанаты дағдарысқа байланысты дүркіреп атап өтілмейді
2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындары 2008 жылы Пекинде, 2012 жылы Лондонда өткендей дүркіреп атап өтілмейді, – деп мәлімдеді шараның продюсері Марко Балич.

Сурет: vilingstore.net
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.
Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 5 тамызда «Маракана» стадионында өтеді. Продюсердің айтуынша, салтанатты шара ірі көлемде болмаса да, заманауи сипатта болмақ. Оған 2012 жылы Лондонда өткен олимпиадаға жұмсалған 42 миллион доллар қаражаттың жартысы жұмсалмақ.
«Бразилиядағы жағдайға байланысты шоу ірі көлемде болмайды. Шара қарапайым түрде, бірақ заманауи сипатта өтеді», – дейді Балич Рейтор.
Жіберіп алмаңыз:
12 жыл бұрынғы Афинада өткен олимпиада ойындарынан кейінгі алаң (фото)
Теннисші Олимпиада ауылындағы Қазақстан құрамасының тұрақтаған үйін көрсетті (видео)
Қазақстанның Рио Олимпиадасынан жүлдемен оралған спортшыларға қанша төлейтіні анықталды
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"
"Досым 3 миллион теңгеге сатып жіберді": Жоғары жалақы іздеген қазақстандық қалай құлдыққа түсті?
Бостандығым үшін 40 миллион теңге талап етті