Ресейлік "Адмирал" хоккей клубының бас бапкері ӘЧ-2025 қарсаңында Қазақстан құрамасына шақыртылды
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатының қарсаңында бапкерлік штабқа ресейлік маманды қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Спорт 25” спорттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Дерекөздің айтуынша, Швеция мен Данияда өтетін әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан хоккей құрамасының бапкерлік штабына латвиялық маман Леонид Тамбиев қосылады.
Қазіргі таңда ол Ресейдің Владивосток қаласындағы "Адмирал" клубының бас бапкері қызметін атқарады.
Тамбиев Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякинге көмекші болады.
Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты 9–25 мамыр аралығында өтеді. Бұл кезең Қазақстан құрамасы үшін маңызды дайындық кезеңі болмақ. Тамбиевтің қатысуы команданың ойыны мен тактикалық әлеуетін күшейте түседі деген үміт бар.
Айта кетейік, Леонид Тамбиев бұған дейін Қазақстанның "Сарыарқа" хоккей клубында жұмыс істеген және жергілікті хоккеймен жақсы таныс.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады

