Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресейде қазақстандық студентті соғысқа күштеп алып кетті": Сыртқы істер министрлігі желідегі ақпаратқа пікір білдірді

Әлеуметтік желідегі қазақстандық Марғұлан Бекеновті күштеп "Вагнер" жеке әскери компаниясы құрамында соғысқа алып кеткені туралы ақпарат тараған. Көп ұзамай сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл туралы пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вагнер

23 жастағы Марғұлан Бекенов Томск мемлекеттік университетінде білім алады екен. Туыстарының сөзінше, жігіт Томсктен Кранснодарскке сүйіктісімен жолығу үшін барған. Алайда кейін байланысқа шықпай, анасына тірі екенін және қоңырау шала алмай жатқанын мәлімдеген. 

Хатты алған соң анасы ұлының достарына хабарласқан. Достарының пайымдауынша Бекеновті "Вагнер" жеке әскери компаниясының сарбаздары жаттығып жатқан базаға алып кеткен.

9 сәуірде анасы әскери базаның өткізу пунктінде ұлымен кездесе алыпты. Дегенмен дұрыс сөйлестірмей қойғандықтан ұлынан келісімшартқа қол қоймағанын ғана білген. Ал 12 сәуірде Марғұланды соғысқа алып кеткен. 

Сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі Қазақстан елшілігінің студенттің жақындарымен байланысқа шығып, тиісті органдарға сұрау жібергенін мәлімдеді. Көп ұзамай министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров отандасымыздың келісімшартқа өз еркімен қол қойғанын айтты. 

"Қолда бар мәліметтерге сәйкес бұл азамат "Вагнер" жеке әскери компаниясымен өз еркімен келісімшарт жасасқан. Мәскеудегі Қазақстан елшілігі туыстарының мәлімдемесінен кейін бірден Ресей Федерациясының құзыретті органдарына сұрау жіберген. Ақпарат тексеріліп жатыр. Елші азаматтың жақындарымен байланыста", – деді Айбек Смадияров. 

Еске салайық, Қазақстан азаматтарына өзге ел аумағында өтіп жатқан әскери іс-қимылға қатысуға тыйым салынған. 

Талқылау