Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды ​​тұрғыны өз ауласын иттерге арналған баспана етіп алған: Көршілер шу мен жағымсыз иіске наразы

көп ит асыраған

Видеодан скриншот

Қарағанды ​​тұрғындары көрші әйелдің үйін иттер панажайына айналдырғанына наразы. Әйел жеке үйдің ауласына кемінде 20 жануарды орналастырған. Жергілікті тұрғындар қайда шағымданарын білмейді. Ал әйел иттерден бас тартпайтынын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көршілердің бәрі иттер жиналған үйді жақсы біледі Кішкентай сыбыр не жүрісті байқаса, иттер үреді екен. Жергілікті тұрғындар қоршаудың артында кемінде 20 ит бар дейді. 

"Біз жалынып та сұрадық, көршілер ретінде сөйлестік, адамдар ретінде ескерттік. Ең болмаса санын азайтсын. 30-ға жуық ит ұстау мүмкін емес қой. Менің немерелерім 12 жаста, біз адам сияқты сыртқа шыға алмаймыз, сейіл құра алмаймыз. Олардың иттерге жаны ашиды, бірақ бізге жаны ашымайды", – деді көрші Зоя Үмбетжанова.

Көршілерінің айтуынша, үй иелері 10 жыл бұрын көшіп келіп, содан бері жануарларды асырап келеді. Тұрғындар жергілікті полиция қызметкеріне, санитарлық-эпидемиологиялық мамандарға және жергілікті әкімшілікке бірнеше рет хабарласқан. Бірақ ешкім олардың мәселесін шеше алмаған.

Тұрғындар иттердің күндіз-түні үретінін айтады. Одан бөлек жануардың жағымсыз иісі көшені алады дейді.

"10-15 ит үргенде, мына жақ шу боп кетеді. Ал мында 20-дан асады. Әрі олардың артынан бір-екі адам тазалай алмайды. Күн ыстықтаған кезде иістері шыдатпайды”, – деді тұрғын Тахир Галимуллин.

Ал соңғы кезде тұрғындар егеуқұйрықтарды байқап, мүлдем ашулы. Бірақ шарасыз.

Ал жануарлар иесінің өзі жақсы іспен айналысып жатқанын айтады. Яғни үйсіз жануарларды құтқарамын дейді. Ал көршілері неге оған қарсы екенін түсінбейді.

Тұрғындар тағы да жергілікті полиция қызметкеріне қоңырау шалды. Ит иесіне айыппұл салынды.

"Бұл мекенжайға ит қалдықтары мен тұрмыстық қалдықтардың жиналуф туралы шағым түсті. Шағымға жергілікті полиция инспекторы жауап берді. Ол алдымен үй иесіне ескертті. Кейіннен иесіне әкімшілік іс қозғалды”, – деп мәлімдеді Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров.

Жергілікті полиция қызметкері санитарлық-эпидемиологиялық мамандар мен ветеринарлық қызметтерге жануарлардың жағдайларын және санитарлық нормалардың сақталуын тексеруді сұрап хат жазды. Ал лауазымды тұлғалар мұндай жағдайда ештеңе істей алмайтындарын айтты.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 16 Сәуір, 2026 09:06