Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел төмен жалақыға қарсылық ретінде жұмыста бес сағат ұйықтап қалған

Әйел ұйықтауФото: Freepik.com

Қытайда бір әйел жалақысының төмендігіне наразылық ретінде жұмыс орнында бес сағат бойы ұйықтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Шанцю қаласында болған. Есімі құпия қызметкер жалақысына көңілі толмай, осылайша жұмыс берушіден “өш алмақ” болған. Жұмысқа келген соң үстелінің жанында жатып ұйықтап қалған. Бұған қоса, бес сағаттан кейін оянып, басшысының үстеліндегі шоколад батончикті алып жеп қойған. Қант диабетімен ауыратын басшысы уақытында тәттісін таппай, есінен танып қала жаздаған.

Кейін басшы қызметкерге сөгіс жариялап, жұмыстан шығаратынын ескерткен. Алайда әйел “Қанша төлесеңіз, сонша аласыз” деп жауап берген. Кейін ол әлеуметтік желіге видео жүктеп, өзін ешкім түсінбейтінін айтқан. 

“Басшым ашуға булықты. Ол мені өлтіргің келді деді”, – дейді ол.

Қытайлық желі қолданушылары әйелдің әрекетін сынға алды. Көпшілігі жұмыс берушінің жағына шығып, бес сағат ұйықтау мен өзгенің тамағын алу –  жалақы қанша төмен болса да, шектен шығу екенін атап өтті. Ал әйелдің жалақысын сол күйі көтерілмеді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 16 Сәуір, 2026 10:36