"Аспаннан ақша жауды": Әйел терезеден 60 миллион теңгені шашқан

Видеодан скриншот
Қытайдың Шаньтоу қаласында пәтерінің балконында тұрған егде жастағы әйел ақшасын шаша бастады. Аспаннан жауған миллиондаған ақшаны жұрт жанталасып жинап алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қытайдың Шаньтоу қаласында сәнді пәтерде тұратын егде жастағы әйел балконынан көшедегі адамдарға шамамен 1 миллион Гонконг долларын (шамамен 60 миллион теңге) шашқан.

Жұртшылық мұны "ақша жаңбыры" деп атады. Содан кейін көшеде көлік қозғалысы тоқтап қалды, өтіп бара жатқан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер ақшаны алу үшін үлкен кептеліс жасады. Кейбір азаматтар ағаш бұтақтарына тығылып қалған ақшаны алу үшін ағашқа мінді.
Кейін оқиға орнына полиция жіберіліп, егде жастағы әйелдің бұл әрекетке не үшін барғаны анықталмақ.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”