ШҚО-да 13 жасар қызды зорлағаны үшін 2 жылға сотталған ер адамның жазасы өзгертілді

Шығыс Қазақстан облысында 13 жасар қызға зорлық жасаған адамның жазасы 2 жыл бас бостандығынан өмір бойына ауыстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, 30 жастағы ер адам мектеп жасындағы қызды далаға алып шыққан. Онда қызбен интимдік қатынасқа барған. Бірінші инстанцияның соты бұл оқиға екі жақтың келісімімен болған деп есептеп, істі "зорлау" бабынан "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу" бабына өзгерткен.
Сол кезде баламен қатынас үшін ер адам 2 жылға бас бостандығынан айырылған. Қыздың туыстары үкімді әділетсіз деп санап, жазаны қатаңдатуды талап етті.
Өскеменде апелляциялық сот инстанцияда істі қайта қарады. Сот ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
“Апелляциялық инстанция тергеу ісі толық көлемде жүргізілген деп санады. Барлық қажет тергеу әрекеттері жасалды. Апелляциялық соттың пікірінше, бірінші инстанция соты тергеу кезінде жинақталған барлық заңды, негізді дәлелдерді ескермеген”, – деді адвокат Жанболат Акежанов.
"Сені сүйемін деп ашық айта беремін": Желі жұлдызына айналған зейнеткер жұп махаббат хикаяларын бөлісті
Оқыңыз