"Бұрын зорлау бабымен жазасын өтеген": Жетісу облысында көрші әйелді 40 рет күрекпен ұрған ер адамның ісінің мән-жайы белгілі болды

Видеодан скриншот
Жетісу облысында ер адам 41 жастағы көрші келіншекті күрекпен ұрып тастады. Ішімдікке тойып алған ер адам әйелдің балаларын боқтаған екен. Ұл-қыздарына араша түскен тұрғынға тап берген. Жәбірленушінің саусақ терілері жыртылып, басы жарылған. Ер адам бұған дейін зорлау бабымен жазасын өтеп келген екен. Қазір ол қамауда отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Суықсай ауылында соққы алған әйел ауруханадан жақында ғана шығыпты. Наурыз айында болған оқиғаны келіншек қорқынышпен еске алады. Соққылардың басым бөлігі бас тұсына бағытталыпты.
“2-3 рет ұрғаннан кейін жерге мен құладым. Қалай құладым, содан ұра берді ұра берді ғой. Бір 40-50 рет ұрған шығар. Басымнан қан саудырап аққанша, соға берді. Соғып тұрып неше түрліні айта берді”, – деді жәбірленуші Юлия Шарафутдинова.
Жағдайды жәбірленушінің құрбысы да көрген. Күдікті менің араша түскеніме қарамастан соққы жасауын тоқтатпады дейді.
“Мен ажыраттым. Мына жағынан былай итердім. Сосын ол айналып келгенде, былай итердім. Арашалағанымша арашаладым. Қарулы еркек, оның үстіне ашулы. Боқтады”, – деді куәгер.
Тұрғындардың айтуынша, 49 жастағы күдікті бұған дейін де істі болған. Оған 2012 жылы зорлау бабымен жазасын өтепті.
Қазір полиция “қасақана денсаулыққа зиян келтіру" дерегімен қылмыстық іс қозғап, көршісін ұрған азаматты уақытша ұстау изоляторына қамады.
“Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деді Жетісу облысы полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Қалықова.
Қазір “көршісін күректің астына алған” азаматқа қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Ал жәбірленушінің жағдайы дәрігерлердің бақылауында.
Еске салсақ, қазақстандық ер адам баласына араша түскен әйелді күрекпен 40 рет ұрғаны айтылды.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты