Президент 2020 жылдың жалақы мен зейнетақының минималды мөлшерлемесін бекітті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке қол қойды. Аталған құжатта жалақының минималды мөлшерлемесі мен АЕК көлемі көрсетілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
1 қаңтардан бастап минималды жалақы мөлшерлемесі өзгермейтін көрінеді: ең аз айлық еңбекақы 42 500 теңгені құрапты. Ал бастапқы зейнетақы көлемі 16 839 теңгеге өсіпті. Яғни, минималды зейнетақы мөлшерлемесі 38 636 теңгені, АЕК - 2651 теңгені құрайтын болатын. Бұған қоса күнкөріс минимумы 31 183 теңгеге кқтерілетіндігі айтылды.
Бұған дейін мемлекет басшысы 2020 – 2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының бірнеше заңдарына қол қойғандығы айтылған еді. Бұл заңнамаларда Қазақстан президентінің қоғамдық жұмыскерлер, ұстаздар және мәдениет қайраткерлерінің жалақысын көтеру және т.б. нұсқаулықтары көрсетілген.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды