Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пластикалық отадан кейін көз жұмған әйел: Сотта істің мән-жайы айтылды

Пластикалық отадан соң көз жұмған Украина азаматшасы Дана Агамурадованың өліміне қатысты сот ісі жүріп жатыр.

Қайғылы оқиға 2016 жылы Алматыдағы жекеменшік емханалардың бірінде болған. Марқұм Дана Агамурадова БАӘ-нен пластикалық ота үшін Алматыға арнайы ұшып келген.

Әйелге ота жасаған пластикалық хирург Дмитрий Писарев істі болды. Оған “өз міндетін дұрыс атқармауының кесірінен адам өліміне әкелу” бабы бойынша айып тағылды.

Дәрігер марқұм әйелдің бауыры ауыратынын білген. Адвокаттың айтуынша, дәрігер С жұқпасы бар адамға ота жасауға болатынын айтып сендірген. Міндетіне жатпаса даанестезиолог-реаниматолог мамандығын қатар атқарыпты.

Дана Агамурадованың өкпе тамырын май түйіршіктері бітеп қалған.

«Мұндай жағдайлар жергілікті немесе жалпы наркозға қарамастан болуы ықтимал нәрсе. Осы жайттың алдын алу мүмкін болмады. Мен ешқандай норманы бұзбадым», – деді Д. Писарев.

Ал, адвокаттың айтуынша, ота жасаған емханада қолдан құралған аппарат қолданылған. Ота жасауға тиісті емес жер болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау