Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда картоп сатылымына шектеу қойылды: Бір адамға 3 килограмнан артық берілмейді

Петропавлда арзан картопты сатуға шектеу қойылды. Енді бір адамға 3 келіден артық картоп берілмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Петропавлда мұндай шектеу делдардар алып сатпас үшін қабылданды.

Тұрақтандыру қоры пункттерінде картопты 97 теңгеден, супермаркеттен 110 теңгеден сатып алуға болады. Бұл базардағыдан үш есе арзан.

Билік сатылымдағы шектеулерді тапшылықпен байланыстырмайды. Тұрақтандыру қорында 1200 тонна картоп бар. Бірақ делдардар алып-сатып қымбаттатады деп алаңдайды.

Кеше Атырауда да дәл осындай шектеу енгізілді, бір адамға 3 келіге дейін ғана сатылады. 

“Бір адамға 2-3 келіден картоп беріледі. Себебі картопқа сұраныс өте жоғары болғандықтан, алыпсатарлыққа жол жоқ. Бұл картоптың тапшылығына байланысты емес”, – деді "Солтүстік" СПК" АҚ төрағасы Ғамали Жұмашов.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жарты жылға картопты үшінші елдерге экспорттауға тыйым салынғанын жаздық. Ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы қазақстандық картоп экспортының көлемі 605 мың тонна болған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Қабылданған шаралар картоп бағасының алыпсатарлық жолмен өсуіне және нарық қатысушыларының мүмкін спекулятивті әрекеттерге жол бермеуге мүмкіндік береді.

Талқылау