Павлодарда мас ер адам 12 жасар қызды ойын алаңында соққыға жыққан
Павлодарда балалар алаңында мас адам балаға шабуыл жасап, ұрып, басын сырғанаққа соққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews сайтына сілтеме жасап.

Оқиғаны зардап шеккен қыздың әпкесі баяндады. Павлодар қаласының тұрғыны хабарлағандай, ойын алаңында 12 жасар қызға мас адам шабуыл жасаған. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны ұрып-соғып, басын сырғанаққа соққан.
Аймақ полициясы оқиғаға түсініктеме берді.
"Факт 26 сәуірде тіркелді. Оқиға орнына Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы барды", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бірқатар сараптамалар тағайындалған. Зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін процедуралық шешім қабылданады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды