Павлодарда қызылша ауруына шалдыққандар көбейіп барады
Павлодар облысында қызылша ауруы өршіп барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тамыз айында қызылшаға күдікпен 11 бала жүгінсе, соның 10 жағдайы расталды. Қызылша ауруына шалдыққан ең кішкентай науқастың жасы - 1 жас 4 ай.
"Балалардың барлығы ауруды жеңіл түрде өткізді. Бүгінгі күні олар өздерін орташа сезінеді. Емдеу хаттамаға сәйкес жүргізіледі. Қызылша ауруымен стационарда шамамен 7-10 күнге дейін жатады", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Қызылша – бұл инфекциялық ауру, ол ауа-тамшылы жолмен беріледі. Екпе алмаған және ауырмаған адамдардың науқаспен байланыс кезінде қызылшаны жұқтыру мүмкіндігі өте жоғары.
Вакцина алмаған балаларда қызылша аса ауыр дәрежеде өтеді: дене қызуы 39-40С-қа дейін жоғарылайды, айқын әлсіздік байқалады, тіпті су ішуден де бас тартады. Басынан басталған бөртпе кезең-кезеңмен төменнен жоғарыға қарай таралады.
"Павлодар облысында осындай қауіпті дерті бар екі бала анықталды. Қызылшамен ауырғаннан кейін бұл сырқат сегіз жыл уақытқа дейін пайда болуы мүмкін. Сырқат алдымен мінез-құлық бұзылыстарымен айқындалады, кейін қозғалыс, көру қабілеттері әлсірей бастайды. Жағдайлардың 80%-да жіті склерозды панэнцефалит 1-3 жылға созылады және өліммен аяқталады", – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Сырқаттың алдын алу үшін балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакциналау қажет. Павлодар облысының сантиралық эпидемиологиялық департаменттің хабарлауынша, маусым айында қызылшаға қарсы екпе алғандардың саны - 827, ал бір жастағы балалар саны - 675. Шілде айында 953 адам екпе алса, бір жастағы 766 балаға ауруға қарсы вакцина егілді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды