Павлодар облысының тұрғыны иті үргені үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болған

Павлодар облысының тұрғыны иті үргені үшін ақша төлеуге мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, ит түнімен үріп, көршілерін ұйықтатпаған. Сосын олар шыдамы таусылып полицияға шағымданған. Нәтижесінде, үй жануарының иесі 20 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуге мәжбүр болған.
Өңірде тағы бір тұрғын үйде осыған ұқсас жағдай болған. Онда ит екі күн қатарынан үрген. Алайда иесі көршілердің шағымын елемеген.
Павлодар облысында жыл басынан бері тыныштық бұзған төрт мыңнан астам адам жазаланды. Айыппұл 5 АЕК, яғни 19 жарым мың теңгеден асады.
“Егер ит түнде үріп, көршілердің мазасын алса, бұл тыныштық туралы заңға қайшы келеді. "Мал ғой, түсінбейді" деген сылтау заң тұрғысынан дәлел емес. Егер басқаларға зиян келтiрiлсе, меншiк иесi заңға сәйкес жауап береді”, – делінген полиция хабарламасында.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”