Павлодар облысының әкімі балалары мен жақын туыстарының қайда жұмыс істейтінін айтты
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жақын туыстарының ешқайсысы мемлекеттік қызметте істемейтінін және мемлекеттік тапсырыс алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Асайын Байханов өзінің жанұясы жайлы ақпартпен бөлісті. Облыс әкімінің айтуынша, оның төрт баласы бар. Екеуі – мектеп жасында, екеуі жоғары оқу орнын бітірген.
"Балаларым мемлекеттік қызметте те, квазимемлекеттік секторда да жұмыс істемейді. Олар жекеменшік секторда қызмет етеді. Алматыда тұрады. Қызым тұрмысқа шыққан. Бюджеттік немесе мемлекеттік ұйымдарда ешқашан істемеген", – деді Байханов.
Өңір басшысы бір туған бауырлары жайлы да сөз қозғады. Оның үш бауыры бар. Ата-анасы – зейнеткерлер.
"Менің екі әпкем, бір ағам бар. Мемлекеттік қызметте жақын туыстарымнан ешкім жоқ. Жақын туыстарымның ешқайсысы мемлекеттік тапсырыс алмайды деп сеніммен айта аламын", – деді ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"