Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында Скриптонит туған ауылдың атауы өзгерді

Павлодар облысында танымал қазақстандық музыкант Скриптониттің туған ауылының атауы өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет 2gis.kz-тен

Павлодар маңындағы Ленинский мекенінің атауы ресми түрде Атамекен деп өзгертілді. Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі 22 қаңтарда атау туралы қаулының заңды күшіне енгенін мәлімдеді.

Былтыр қараша айында кенттің атауын өзгерту облыстық ономастика комиссиясының отырысында талқыланған. Ал желтоқсан айының соңында кенттің жаңа атауын облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдаған.



Жергілікті қоғамдастық жиналысында бірнеше атаулар ұсынылған. Атамекен атауына 49 адам дауыс берген.

Былтыр қазан айында мұнда кіре берістегі қақпаның эскизіне конкурс өткен. Ол кейін жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау үшін мердігерлік фирмаға берілді.

Қазіргі Атамекен, Ленин кентінде танымал қазақстандық рэп орындаушы Скриптонит атауымен танылған Әділ Жалелов дүниеге келген. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, музыканттың ата-анасы әлі күнге дейін осы ауылда тұрады.

Талқылау