Өзін банкрот деп жариялағандар 5 жыл бойы несие ала алмайды
Банкрот мәртебесін алған азаматтар бес жыл бойы несие ала алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты қаржы вице-министрі Ержан Біржанов растады.
"Назарға сала кетсек, сотсыз банкрот деп танылған азаматтар сол күннен бастап бес жыл ішінде банктер мен микроқаржы ұйымдарынан кредит ала алмайды", – деді Ержан Біржанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің айтуынша, сотсыз банкрот деп танылмаған азаматтар араға 3 ай салып қайта өтініш бере алады.
"Азаматтардың жеке мәліметтері бойынша деректер базасына құзырлы мемлекеттік органдар жауапты екенін еске салғым келеді. Жоғарғы соттың мәліметтеріне сәйкес бүгінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе банкроттықты сот арқылы рәсімдеу туралы 139 тұлға өтініш білдіріп, арыз берген", - дейді ол.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды