Өзімен жасты көрінетін бойжеткен қызы бар әнші кім?
“Әзіл әлемі” театрының әншісі Дос “Әйел бақыты” бағдарламасына тұла бойы тұңғышын ертіп келді. Студияға кіріп келген кезде көрермендер 19 жасар бойжеткенді әншінің сүйіктісі деп ойлады. Алайда бұл қыз Достың тұңғыш перзенті болып шықты.
Мұны естігенде көрермендер ғана емес, әншіні бұрыннан танитын тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да таңырқап қалды.
“Қызыңның бар екенін біледі екенмін. Бірақ мұншалықты үлкен қызың бар деп ойламаппын”, – деді таңырқап қалған тележүргізуші.
Өз сөзінде Дос 21 жасында әке атанғанын, жас болғандықтан да қызының тәрбиесіне аса араласа қоймағанын айтып өтті. Сондай-ақ, екінші сыныптан бастап қызына көлік жүргізуді үйреткенін мойындады.
“Техникаға жақын болып өссін дедім. 5-сыныпта оқып жүрген кезінде екеуміз мәшіне базарына бардық. Қыздарға арналған “Жук” деген көлікті көрген қызым бойжеткен соң соны алып беруін сұрады. Енді сол күнді тағатсыздана күтіп жүр. Ең болмағанда 20 жасқа толсын деп отырмын”, – деді әншінің өзі.
Жіберіп алмаңыз:
Аша Матайдың әкесі бажасын түрмеден шығаруға көмектесетінін айтты
Тәуекел Мүслім Ерке Есмаханды олимпиада чемпионынан қызғанып қалды
Мөлдір Әуелбекова: Босанар кезде қасымда серігімнің болғанын қалаймын
«МұзАрт» тобының әншісі сахнаға ақ аюларды алып шықты (видео)