Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзімді ұстай алмадым": Түркістан полициясының бастығы мұғаліммен болған жанжал туралы айтты

Түркістан қаласы полиция басқармасының бастығы Данияр Мейірхан өзінің Facebook парақшасында мектеп мұғалімімен болған жанжал туралы пікірін жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

туркестан

Түркістандағы №15 мектепте орын алған оқиға көп шу тудырды. Басшылықтың тапсырмасы бойынша оқу орындарындағы қауіпсіздік сапасын тексерудің соңы жанжалмен аяқталды. Генерал-майор Қайрат Дальбековтың нұсқауын орындай отырып, мектептердегі ИДН жүйесінің жұмыс жағдайын және оқытушылармен өзара қарым қатынас сапасын тексеру үшін, біз, әріптестерімізбен бірге қала орталығында орналасқан мектепке бардық. Расында, балалар көшедегі дәретханаға барады екен. Біз барған кезде олардың қауіпсіздігін ешкім де бақылаған жоқ: ИДН инспекторы да, кезекші педагогтар да", - деп жазды Мейірхан өз парақшасында.

Оның айтуынша, мұндай сурет екінші күні де болған.

"Балалар туралы сөз болғанда, жүрегіме өте жақын қабылдаймын, өйткені мен де әкемін. Бірақ жұмысыма байланысты мен оларды жиі көрмеймін. Сондықтан кезекші мұғалімнің әрекетін талқылау шектен шыққан кезде мен өзімді ұстай алмадым. ( Кезекші мұғалімнің агрессивті мінез-құлық мен мұғалімдер тарапынан полицияға болған дөрекілікті біліп, өзара ымырыаға келдік) Ең бастысы, біз бір - бірімізді түсіндік", - деп атап өтті ол.

"Бүгін таңғы сағат 8-де генералға жұмысымнан шикілік кетсе,  қызметтен босатуын сұрап, хат жаздым. Түркістан қаласына мамыр айында тәртіп орнату үшін келдім. Біз қала  қауіпсіздігі үшін қойылған міндеттерді күндіз-түні орындадық. Біз қаланы бірнеше секторларға бөліп, олардың әрқайсысын пысықтадық. Нәтижесінде менің миссиям 80 пайызға орындалды деп есептеймін. Түркістандағы жағдайға байланысты әркім өзі үшін жауап берсін. Біздің қаланы еліміздегі ең қауіпсіз қала етуге мү кіндік беретін менің жоспарым бар: біріншісі - мектептердегі қауіпсіздік, екіншісі - қоғамдық және жол қауіпсіздігі, үшіншісі - көңіл көтеру орындарындағы қауіпсіздік", - деді ол.

Сондай-ақ Мейірхан болған оқиға бойынша қазір қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. "Мен әрқашан заң аясында жұмыс істедім және әрдайым өз жұмысымды жауапкершілікпен орындадым. Әлеуметтік желілерде талқыланатын видео-бұл жанжалдың бір бөлігі ғана. Барлық шындықты менің әріптестерім мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімінің өзі біледі. Онымен барлығымыз өзара келісімге келдік. Мен үшін азаматтардың сенімін сақтап қалу өте маңызды", - деді ол.

Талқылау