Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстаннан экспортқа шығарылатын автокөліктердің барлығы Қазақстанға жіберіледі - Зерттеу

Өзбекстандағы автокөлік экстпортының басым бөлігі Қазақстанға тиесілі. Мұндай деректерді өзбекстандық Статистика жөніндегі республикалық мемлекеттік комитет ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстан Республикасы осы жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша 87 миллион доллардан астам сомаға автомобильдерді экспортқа жіберді. Оның ішінде Қазақстанға 82 миллион доллардан астам сомаға көлік жөнелтілді. 

Егер өткен жылдың осындай кезеңімен салыстыратын болсақ, экспорт айтарлықтай өсті.

Өзбекстаннан автомобильдер экспорты бойынша екінші орынды Украина алады, оған 1,5 миллион доллар тиесілі.

Көшбасшылар үштігін Ауғанстан түйіндейді, оған 1,3 миллион доллар сомаға автомобильдер жөнелтілді.

Экспорт көлемі бойынша Қырғызстан мен Әзірбайжанда төртінші және бесінші орындарда тұр. Бұл елдерге 2021 жылдың бірінші тоқсанында 963,3 және 444,7 мың долларға көлік жіберілді.

UzAuto Motors шығарған ең танымал модель - Chevrolet Cobalt (12 682 көлік), екінші орында Damas (12 051 дана), ал үшінші орында Lacetti / Gentra (8 399 дана).

Талқылау