Өзбекстан ағылшын тілін меңгеру бойынша Қазақстан мен Тәжікстанды басып озды
EF Education First рейтингіне сәйкес, Өзбекстан ағылшын тілін меңгеру рейтингінде 133 елдің ішінде 93-орынға ие болды. Бұл зерттеуге әлемнің түкпір-түкпірінен 2,2 миллион адам қатысты. Олар 2023 жылы EF Standard English Test тегін онлайн тілді меңгеру сынағынан өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daryo.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, Өзбекстан өткен жылмен салыстырғанда төрт позицияға жоғарылаған.
Төмен деңгей Ферғана және Әндіжан облыстарында тіркелді. Республиканың барлық басқа облыстары мен қалаларында нәтиже өте төмен.
Орталық Азияның басқа елдері қандай орындарды иеленді:
- Қырғызстан – 90-орын;
- Қазақстан – 104 орын;
- Тәжікстан – 112 орын;
- Түркіменстан тізімде жоқ.
Рейтингтегі бірінші орындарды Нидерланды, Сингапур және Австрия иеленді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан