"Өз аймақтарын өздері тазартсын": Қостанай қаласының әкімі тек мемлекеттік аумақтарды ғана қардан тазарту керегін айтты
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев тек мемлекеттік мекемелердің аумақтары ғана қардан тазартылатынын, ал қаланың қалған бөлігін тұрғындар мен кәсіпкерлер өздері тазарту керектігін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі EGOV.PRESS Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Қалалық басшылықты, әкімдік қызметкерлерін күтудің қажеті жоқ. Өз аймақтарын тұрғындары өзі тазаласын. Біз орталық жолды, аурухана мен мектептердің, балабақша мен мемлекеттік органдардың аймағын тазалаймыз. Қалған жерлерді шағын аудандар өздерінің аймағын, кәсіп өкілдері өз аймағын тазартсын”, – деді Марат Жүндібаев.
“Бөлінген халықтың қыруар ақшасын қайда құртып жатқанын айтпайды”, – делінген Telegram арнасындағы жазбада.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды