Өз әнінің мәтінін ұмытып қалған Төреғали әріптестерінің сынына қалды
Шоу мен даудың дәл ортасында жүретін Төреғали тағы да сын садағына ілікті. Бұл жолы, журналистермен жүздесуге келген Ұлы дала баласы, өз репертуарындағы әннің мәтінін ұмытып қалған. Бүгінде атағы дүркіреп тұрған Төрештің бұл қылығын әріптестері түсіне алар емес.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Бұл оқиға Төреғали мен БАҚ өкілдерінің басқосуында болған еді. Сұхбат барысында әндерінің мәтіні мінсіз екенін айтқысы келген хитмен, дәл осындай келеңсіз жайтқа тап боламын деп ойламаған шығар…
“Мен «сәлем» деп едім, Сен қалай деп жүрсің? Мен сағынып едім… Мен «сәлем» деп едім, Сен қалай деп… Сееен тар-ра-ра… Оооо, қалай еді сөзі?” – деген Төреғали өз әнінің сөзін есіне түсіре алмады.
Бірақ, Төреғалидың толқуы да орынды. Өйткені, 3 жыл бойы жұбайын жұрттан жасырған жігіттің, журналистермен дәл осылай жүздеспегеніне де біраз уақыт болған.
Дегенмен, өз репертуарындағы әннің сөзін жатқа білу керектігін Төреш жақсы ұғады. Олай болса, тағы бір мәрте тыңдап көрейік. Мүмкін мәтіні есіне түскен болар…
“Мееен, жақсы көріп едім, сеен сағындырасың… Мееен… на-ра-нар-ра-рам… нар-нар-раам…”
Әй, өкінішке орай тағы да сүрінді. Бұл әнінің мәтінін жедел жаттап алмаса, Төреғалидың талай сынға ұрынары сөзсіз. Жалпы, жас әншілердің барлығы осындай ма? Төрештің замандастарынан сұрап көрейікші…
“Әнші өз әнінің сөзін білмесе, ол енді болмайтын әңгіме сияқты мен үшін. Өйткені, сен өз әніңді білмесең, кім біледі дегендей. Сөз жағынан білмедім енді, менде ондай ешқашан болған жоқ сөзін ұмытып қалу дегендей”, – дейді Әли Оқапов.
Ал, ән мәтінін жаттамаған жастарды фанограммаға бауыр басқандар деп отыр. Бұл біздің емес, аға буынның айтқаны.
“Мысалы записьте, студияда болған кезде бәрі фонограмма ғой. Соның өзіне қосыла алмай қасқайып жатады ғой. Сол кезде сен де, мен де мысалы соқыр емеспіз ғой. Құлақ бар, көз бар. Фонограммамен айтып сүрініп жатса, өз обалы өзіне онда”, – дейді әнші Жанар Айжанова.
“Біз бірінші әннің сөзін жаттаймыз. Оны миымыздан өткізіп, оны бүкіл алпыс екі тамырымыздан өткізіп, одан кейін барып оның әуенін үйреніп. Фонограмманы қойып тез-тез жаттап алып, жастар солай ұмытатын болар. Мен білмеймін, әнді үйренгеннен кейін қалай ұмытуға болады..?” – деп түсінбестік танытты Майра Ілиясова.
Төреғалидың ұмытып қалғаны дәл осы «Бір түрлі қыз» әнінің мәтіні болатын. Аталмыш туындыға Ұлы дала баласы екі мәрте клип те түсірген.
Жіберіп алмаңыз:
Сәдуақасовадан Смағұловаға: Әнші Мәдина тегін өзгертуге бел буды
Мұқасан Шахзадаев Төреғалиға: Халық мақтап жатыр екен деп бетімен кетуге болмайды (видео)
Кенжебек Жанәбілов: “Музарт” деген кезде көлеңкеде қалғандай сезінемін
Ернар Айдардың ата-анасы келіндері туралы бар шындықты ашып айтты