"Орынға таласқан": Астанада орталық мешітте жұма намазының алдында қақтығыс болды
Фото: Видеодан скрин
Астана орталық мешітінің әкімшілігі екі жас жігіт арасында жанжал болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мешіттің хабарлауынша, 9 мамыр күні жұма намазының алдында жас жігіттер арасында намаз қатарындағы орын үшін жанжал шыққан.
“Жұма намазына келген екі жігіттің арасында қай жерде отыруға байланысты түсінбеушілік туындады. Жағдайды сабырға шақырған мешіт қызметкері шешті. Жақында ислам құндылықтарын қабылдай бастаған жастарға исламның бейбітшілік діні екені, мешіттің жер бетіндегі Алланың үйі, ешқандай дау-дамай болмайтын ғибадат орны екендігі айтылды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада Қадір түнінде мешітке жиналған жұрт тегін тамаққа таласқаны туралы жазған едік.
Талқылау

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
Осы шудан соң Айгүл Орынбек Ұлттық құрылтай құрамынан шығарылғаны хабарланды

Ата-аналар жекеменшік мектептердегі оқу ақысының қымбаттауына наразы: Биыл білім алу құны қаншаға өсті?
Haileybury Astana-да 10-13 сынып оқушысына бір жылда 18,1 миллион теңге кетеді