Ернар Айдардың ата-анасы келіндері туралы бар шындықты ашып айтты

Сейсенбі, 24 Қазан , 2017 11:53

Келінімнің шайы бал! Иә, бұл жуырда ғана келін түсіріп, дүркіретіп той жасаған Ернар Айдардың ата-анасының сөзі. Төртінші рет қолы ұзарған Ернардың анасы жаңа келініне дән риза. Әкесі де кенже ұлын үйлендіргеніне мәз.

Бұл ретте 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында Ернар Айдардың ата-анасы жұрттан жасырған келіндері туралы бар шындықты айтып берді, деп жазады Stan.kz.

“Келінім үйде қазір Таразда, Ернарым өзінің жұмыстарымен жүр. Келін бізге қарайды”, – дейді қолы ұзарған Ернардың анасы.

“Алматыға көшіп келетін ойымыз жоқ. Тараз жері, Әулие ата қасиетті жер ғой. Сол жерге келіп, бір басымыз екеу болды. Тараз маған Алматыдан да ыстық. Таразда үш келін түсірдім, 7-8 той бердім, сондықтан Тараздан кететін ниетім жоқ”, – деп ағынан жарылды әншінің әкесі.

Тараздан көшкісі келмейтін ата-ана келінімізді де басқа қалаға жібермейміз деп кесіп айтты. Себебі:

“Ернар кенже баламыз ғой. Бөлек шығады деп айта алмаймын, өзі де олай айтпайтын шығар. Келіннің ата-енемен бірге тұрғаны дұрыс деп ойлаймын”, – деп түсіндірді Ернардың анасы.

Кейбір БАҚ құралдары жазғандай, жас келін Мәдина Шымкенттің емес, Тараздың тумасы болып шықты.

“Жақын жерден алдық келінді. Өзі ТарМУ-да үшінші курста оқиды. Мамандығы шетел тілі”, – дейді Ернардың ата-анасы.

Жіберіп алмаңыз:

Кенжебек Жанәбілов: “Музарт” деген кезде көлеңкеде қалғандай сезінемін

Алтынай Жорабаева экс-күйеуі Әбдіхалықовтың қыздарын іздемейтінін айтты

Қайрат Нұртастың жарымен сүйісіп тұрған суреті желіні шулатты

Алтынай Жорабаеваның екінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    У Ернара работа в основном вАлмате. А родители не хочет отпускать невестку с сыном жить однако странное люди, с таким успехом они разведется. Нельзя же думать только о себе аташка-енешка.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар