Stan.kz туралы

Stan.kz ақпараттық агенттігі (есепке қою туралы куәлік №16903-АА) Қазақстандағы қазақ тілінде ақпарат тарататын БАҚ үздігі және zero.kz рейтингінде оқылымы көп 20 сайттың қатарына кіреді.

STAN.KZ порталын тәулігіне – 40 000 – 60 000 оқырман оқиды. Бір айда сайтқа кіретін желі қолданушыларының саны – 500 000. STAN.KZ қазақтілді аудиторияны сапалы қазақ тіліндегі ақпаратпен жедел қамту үшін ашылған. Біздің мақсатымыз – қазақ тілінде сөйлейтін ел азаматтарын біріктіру, оқырмандар үшін қызықты да пайдалы ғаламтор-ресурсын құру.
Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз. Адамдардың өмірінен алынған хикаялар туралы әңгімелеп, танымал тұлғалардан сұхбат аламыз. Біздің тілшілер желісі бүкіл Қазақстанды қамтиды. Біз ақпаратты берудің мультимедиялық әдістерін пайдаланамыз.

Халыққа пайдалы, қажетті ақпарат беру – біздің міндетіміз. Біз қызықты тарихи деректермен қатар, салт-дәстүр туралы жазамыз, оқырмандарға қазақ әдебиетінің ең үздік туындыларын ұсынамыз. Пайдалы кеңестер беріп, оқырмандарға қажетті ақпаратты тауып беруге көмектесеміз. STAN.KZ әлеуметтік желіде кеңінен танымал – 2018 жылдың қаңтарындағы есепке сәйкес, Facebook, Instagram, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілеріндегі оқырмандар саны 170 000 адамды құрап отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар