Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әдепсіз сөздер айтып, бұзақылық жасаған футбол жанкүйерлері жауапқа тартылды

Полицейлер Алматыда әдепсіз сөздер айтып, қоғамдық орындарды ластауға жол берген футбол жанкүйерлерін жауапқа тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Алматыда “Қайрат” және “Ақтөбе” футбол командаларының кездесуі өтті. Сол кезде жанкүйерлер метро станциясында тәртіпті бұзған екен.

"Сондай-ақ “Ұсақ бұзақылық” бойынша, “Спорттық іс-шараларда өзін-өзі ұстау ережелерін бұзу”, “Қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішуә бойынша құқықбұзушыларға әкімшілік шара қолданылды", – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Әлекешев мұндай әрекет тек "футбол жанкүйерлері" институтына ғана емес, бүкіл елдің беделіне нұқсан келтіретінін атап өтті.

"Сіз өз командаларыңызға қолдау көрсете аласыз және оларға эмоционалды түрде қолдау көрсете аласыз, бірақ қарсыластарыңызды немесе қарапайым азаматтарды ренжітпей-ақ, тек заң аясында ғана болу керек", – деді құқық қорғау органының өкілі.

Басқарма басшысы "заң баршаға бірдей" деген қағиданы сақтау керек екенін еске салды. Қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әрбір заңсыз әрекет міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғады.

Еске салсақ, 20 сәуірде "Қайрат" – "Ақтөбе" матчындағы дау туып, жанкүйерлер билеті болса да стадионға кіре алмағаны айтылды.

Талқылау