Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пасха мерекесімен құттықтаған: Алматы облысында әкім ауыл тұрғындарының чатына еркектің жыныс мүшесі бар фото жіберген

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округінің әкімі Сәуле Әліпова жергілікті тұрғындарды Пасха мерекесімен құттықтап, ер адамның жыныс мүшесі бейнеленген суретті чатқа жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 5region.kz. порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті тұрғындар суреттен Пасха жұмыртқалары секілді безендірілген еркек жыныс мүшесін байқаған. Кейіннен әкім ауыл тұрғындарынан кешірім сұрады. 

"Мен, Әліпова Сәуле Базарбайқызы, Балтабай ауылдық округінің әкімі. Кеше таңертең ауылдың чатына құттықтау жіберген едім. Ол қателесіп жіберілген және ешқандай жаман ниетім болған жоқ. Ешкімді ренжіткім келмеді. Бұл кездейсоқ жағдай, мен ол фотоға мән бермедім және қасиетті мерекеде мұндай суреттер қолданылады деп ойламадым. Құттықтау бірден бірнеше минутта чаттан алынып тасталды және округ халқынан кешірім сұрадым, олар қабылдады. Ешқандай наразылық болған жоқ. Яғни, мәселе шешілді. Егер бұл құттықтау басқалардың көңіліне тиген болса, кешірім сұраймын", – деп жазды Сәуле Әліпова.

Бұл оқиғаға Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігі де жауап берді.

"Пасха мерекесімен халықты дұрыс емес құттықтаған Балтабай ауылдық округінің әкіміне қатаң сөгіс жарияланды. Ауылдық округ әкімі жіберген қатеcі үшін кешірім сұрайды", – деп жазды өз түсініктемесінде аудан әкімдігі.

Аталған мәселе бойынша халықтың пікірі екіге бөлінді. Бірі “әкімді бұл қатеcі үшін орнынан алып тастау керек” десе, бірі “адам болған соң бәрі де қате жібереді“ деп, әкімді жақтап жатыр. 

 

Талқылау