Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс жағдайы болды

7 мамырда Қырғызтан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекарасында атыс қаруын қолдану жағдайы болды. Деректерге сай тәжікстандық азамат қырғызстанның қарулы күштеріне дөрекілік танытқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кabar.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото pexels

Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, оқиға сағат 12.20 шамасында Баткен облысының ақ-Бозой Лейлек ауданының маңында болған.

"Қырғызстанның шекара наряды Қырғызстан аумағында мемлекеттік шекара сызығынан 250-300 метр қашықтықта мал жайып жүрген Тәжікстан азаматтарын, шопандарды байқады. Шекарашылардың Қырғызстан аумағынан кету талаптарын олар елемеді. Тіпті олар әскери қызметкерлерге тас атқан", – делінген хабарламада.

Шопандардың бірі Қырғызстанның шекара қорғанысына қарай 2-3 оқ атқан. Жағдайдың шиеленісуіне жол бермеу мақсатында Қырғызстан шекарашылары ауаға ескерту оғын жаудырған. Содан кейін шопандар Тәжікстан аумағына қашып кеткен.



"Қырғыз шекарашылары арасында зардап шеккендер жоқ. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, Тәжікстан азаматтарының бірі аяғынан жарақат алған. Алайда қандай жағдайда, қашан және қай жерде болғаны белгісіз. Өйткені Тәжікстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері тек фото ұсынды", – деп атап өтті ведомство.

Енді тараптардың шекара өкілдерінің кездесуі болжанып отыр. Қазір қырғыз-тәжік учаскесінде жағдай тұрақты екені айтылды.

Талқылау