"Қайрат" – "Ақтөбе" матчындағы дау: Жанкүйерлер билеті болса да стадионға кіре алмаған (видео)
Кеше 20 сәуірде Алматыда "Қайрат" пен "Ақтөбе" футбол клубтарының арасында кездесуі өтті. Ойынды 1:3 есебімен қонақтар жеңді. Кейбір жанкүйерлер билет алса да стадионға кіре алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде билеті бар көптеген жанкүйерлердің матчқа кіргізілмегені туралы бірнеше шағымдар пайда болды.
Матч басталар алдында стадион сыртында халық жиналғаны хабарланды. Барлық орындар толтырылған соң күзет қақпасын жауып, билет сатып алған және басқа қалалардан келген жүздеген жанкүйер ойынды тамашалау мүмкіндігінен қағылған.
- Алматыда Әлия Назарбаеваға тиесілі Luxor фитнес-орталығы 25 миллион долларға сатылымға қойылмақ
- Атырау облысында оқушы мектептерге террористік шабуыл жасалады деп қорқытқан
Кейбір куәгер бұл стадионға “билетсіз кірген” жанкүйерлердің кесірінен болғанын алға тартады.
Желіде жылап жатқан мектеп оқушысының видеосы тарап жатыр. Бір видеода жиналғандар "Ашыңдар" деп ұрандатып жатыр. Жанкүйерлер "Қайрат" футбол клубын матчты нашар ұйымдастырды деп айыптауда.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған