Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Боррусия Дортмунд" Чемпиондар лигасының алғашқы финалисі

“Боруссия Дортмунд” Чемпиондар лигасының финалына жолдама алған алғашқы команда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Globallookpress.com

Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясындағы қарымта матчта "Боруссия"  командасы тағы да франциялық "ПСЖ" футбол клубын минималды есеппен ұтып, Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды. Францияда өткен ойында дортмундтық клубтың ойыншысы Матс Хуммельс 50-минутта “ПСЖ” командасына гол соғып, сол басымдықты матч соңына дейін сақтап қалды. Осылайша “Боруссия Дортмунд” 11 жылдың ішінде алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шығып отыр. Енді германиялық клуб “Реал” мен “Бавария” арасындағы матчтың жеңімпазымен финалда жолығады.

Айта кетейік, “Боруссия” Германияда өткен ойында бірінші таймның 36-минутында Никлас Фуллкруг “ПСЖ” қақпасына гол соғып, 1:0 есебімен ұтқан еді. Бүгін "Бавария" мен "Реал Мадрид" арасында жартылай финалдағы қарымта матч өтеді.

Талқылау