Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жұмыртқа бағасы тағы да өзгерді

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы төртінші апта қатарынан жұмыртқа бағасының төмендегенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Республика бойынша тауық жұмыртқасының құны 16 сәуір мен 23 сәуір аралығында орта есеппен 1,8%-ға арзандады. Бұған дейін алты айдан астам уақыт бойы баға жоғары болған еді.

Мұның бәрі тауықтардың күз бен қыста нашар жұмыртқалайтындығына байланысты. Өнімнің бағасы Қазақстанның жеті қаласында өзгермеген, ал Астана, Шымкент және Атырауда аздап өскен.

Айта кетейік, жұмыртқа жыл басындағыдан шамамен 3,5%-ға қымбатырақ.

Еске салайық, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыртқа бағасы өспейтінін айтқан еді. 

Сондай-ақ Қазақстанға автомобиль тасымалына қатысты жұмыртқа тасымалдауға жарты жылға шектеу қойылған еді. 

Талқылау