Алтынай Жорабаеваның екінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

Сейсенбі, 24 Қазан , 2017 9:24

Бірер күн бұрын Алтынай Жорабаева сыйға алған Iphone 8 смартфонын көрсетіп мақтанды. Әншіге мұндай қымбат сыйды жақын адамдарының бірі сыйласа керек-ті. Алтынайдың өзі жұмбақтап, сыйлық берген адамға жүрек белгісі арқылы алғысын білдірді. Соған қарап жұрт әншінің сүйіктісі пайда болған деп болжады. Ел аузындағы қауесеттің ақ-қарасын әншінің өзі ажыратып берді, деп жазады Stan.kz.

31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында: “Лайықты жан кездесіп жатса неге тұрмысқа шықпасқа? Қыздарым да, ата-анам да қарсы емес”, – деп ағынан жарылған Жорабаева жақын күндері екінші рет келін атануы мүмкін екенін меңзеп қалды.

Алайда әнші өзге әріптестері ұқсап жеке өмірін құпияда ұстағанды құп көретін сыңайлы.

“Бақыт тыныштықты жақсы көреді дейді. Менің өзімнің ұстанымым солай. Тыныш қана бала шағаммен бақытты болып, егер болашақ жарым кездесіп жатса сонымен бірге бақытты болып деген сияқты. Оның бәрін жариялаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Тіл-көз деген бар”, – дейді Жорабаева.

Алайда әнші ақ келін атанып жатсам, бір хабарын беремін деп уәде берді.

“Шығып жатсақ айтамыз ғой, жариялап айтамыз, міндетті түрде ақ көйлек киіп үлкен той жасап емес, менің бірінші тойымда да ақ көйлек киген жоқпын, білмеймін неге екенін. Үлкен той болмады, қазақша құдалық болды, мен оны неге деп те сұраған да жоқпын. Ол кезде жас болдық. Көреміз енді, 4 қызыммен ақылдасамын, олар не айтады солай болады”, – деп түсіндірді Алтынай.

Аналарының теңін тауып, бақытты болуына үйдегі 4 бірдей қызғалдақ та қарсы емес көрінеді. Оны әншінің мына сөзінен байқап қалдық.

“Үлкен қыздарым айтады маған, мысалға кейде болады ғой бір кейде үйде ашуланып, болмаса бір депрессия кезде ақылдасып, сөйлесіп отырамын. Бір күні: “Егер болашақта адам кездесіп, сонымен отбасы құрамыз деп жатсақ қалай қарайсындар?” деген кезімде үлкен екі қызым: “Онда тұрған ештеңе жоқ, сіз әлі жассыз ғой, сіздің бақытты боп жүргеніңіз бізге де жақсы. Егер сізді біреу алақанына салып мәпелеп жатса, неге қуанбасқа, керісінше қызғанбаймыз қуанамыз”, – деп айтты. Әке-шешем де қарсы емес. Негізі әкем айтады “одан да жақсы жар кездессе тұрмысқа шығып ал, әйтпесе өсек боп кетесің”, – дейді. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан дейді ғой, сол сияқты жалғыздық Құдайға ғана жарасады. Менің ойымша әр әйел адам болсын, ер азамат болсын бақытты болуға лайықты”, – деп түсіндірді Жорабаева.

Жіберіп алмаңыз:

“Айырылыстық” деген Дәурен мен Ақбота бірге той басқарып жүр (видео)

Көрінбей кеткен Еркін Нұржанов денсаулығындағы ақау туралы айтты

Бедеулікке душар болған жұпты клипке түсірген Мирас пен Құралай елді жылатты (видео)

Мұрат Әбенов: Қайрат Нұртастың фильмінде ащы шындық көрсетілген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Anonymous says:

    Охо.. бақыт тілейміз! Тек атағын аспанға асқақтатып,Сəбит мырзаны тастағын дұрыс болмады..əнші емес жұлдыз қылды ғой…ел көрмеген шет елді де көрсетті…ІНІСІН ДЕ жұлдыз қылды..əйтпесе інісі шапқылап жүрген біреу ғой..Сəбитпен айырылсты дегеннен кейін тіпті тым тырыс. Қателеспейтін адам жоқ… діннен хабары бар білетін болар: жақсы адам деген жамандығы жоқ адам емес .,жақсылы жамандығынан басым түскен адам…сондықтан кешіре білу керек ед…əрине одвн сайын жүрегімізді ауыртпаңыз дегеніне қарвғанда қыздарына да жаман жағын көп айтқан болу керек

  • Anonymous says:

    Сөзіне қарасақ, (джип, уйлер, бизнес) өзінде қалдырған ау! “Тихий” щипач.

  • Anonymous says:

    Крупно лақтырған ау шамасы МиСтерді!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар