Бедеулікке душар болған жұпты клипке түсірген Мирас пен Құралай елді жылатты (видео)

Дүйсенбі, 23 Қазан , 2017 15:36

Біраз уақыттан бері көрермен көзінен тасада болған Мирас пен Құралай жаңа бейнебаянның тұсауын кесті. Жұлдызды жұп қоғамда ашық айтыла бермейтін тақырыпты жаңа клип желісіне арқау еткен, деп жазады Stan.kz.

“Мәңгілік сыңарым” туындысында бала сүйе алмай, бедеулікке душар болған ерлі-зайыптылардың тағдыры баяндалады. Дәрігер “бала сүюіңізге еш мүмкіндік жоқ” деп кесіп айтса да, жұп Жаратқаннан үміт үзбейді. Күндіз-түні дұға тілеп, сәбилі болуды армандайды. Ақырында Алла жұптың тілеуін қабыл етіп, оларды балалы етеді.

Атап өтетін жайт, аталған оқиға Мирас пен Құралайдың өмірінен алынған. Бүгінде 4 перзент тәрбиелеп отырған жұлдызды жұп кезінде 4 жыл сәби сүйе алмапты.

Бейнебаян көпшіліктің көзіне жас келтірді.

“Клиптеріңіз керемет шығыпты. Мен де клиптегі қыз сияқты арманым орындалса екен деймін. Клиптеріңізді көріп бір жылап алдым. Құралай сізге əйел бақытын тілеймін, өзіме ана бақытын сезінуді тілеймін”, – деп ақ тілегін білдірді Айсұлу Мырзашова есімді тыңдарман.

Жіберіп алмаңыз:

Мұрат Әбенов: Қайрат Нұртастың фильмінде ащы шындық көрсетілген

Ақбота Сейітмағамбет Ресей кинофестивалінде “үздік актриса” атанды

Кенжебек: Әйелім желіде танымал боп кетсе, отбасым бұзыла ма деп қорқамын (фото, видео)

Мақпал Жүнісова Мирас пен Құралайдың қателіктерін бетіне басты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар