Мақпал Жүнісова Мирас пен Құралайдың қателіктерін бетіне басты

19 қазан күні Алматы төрінде Мирас пен Құралай өнер иелерінің басын қосып, той жасап, сүйінші жаңалықтарымен бөліскен болатын. Алайда, аталмыш шара барысында өтірік күліп, бос мақтаудан Мақпал Жүнісова бас тартты. Қазақтың ерке қызы жұлдызды жұптың басты қателіктері туралы Stan.kz тілшісіне сұхбат берді.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген керемет даналық сөзі бар. Мирас пен Құралайдың бүгінгі еңбектеріне тәнтімін. Өнер иелері өздерін әзер сүйреп жүрген кезде тұсаукесер жасап, той беру оңай емес. Бәрі ақшаға келіп тіреледі. Бірақ, бұл жұп бүгін керемет кеш ұйымдастырыпты. Көңілім тоқ болып отыр» деп әуелі Мәкең ризашылығын білдірді.

Алайда, бұл кеште де әттеген-айлардың жоқ еместігін жасырмады.

«Бүгінгі шарада да кемшіліктер бар. Шикі жерлері де аз емес. Мысалы, өнер студиясының шәкірттері біздерді көріп, біраз қобалжып тұр. Кейбірі әндерін айта алмай, шатасып жатыр. Яғни, үлкендердің мысы басып кетуде. Әрине, екі ай деген өте аз уақыт. Бұл уақытта мықты, кәсіби білікті шәкірт тәрбиелеу мүмкін емес. Бірақ, болашақта Мирас пен Құралайдың оқушылары әлі талайды таңғалдырады деп сенемін. Бастысы, ұстаздары оқушыларының өздеріне деген сенімдерін нығайтса болғаны. «Ұялмаған әнші болады» демекші, сахнаға шыққан жастар ештеңеден қорықпау керек. Өздеріне сенімді болып, өзгелерді де сендіре білу керек. Мұны Мирас пен Құралай жетік біледі. Сахнада жүргендіктен шәкірттерін жақсы тәрбиелеп, нағыз өнер адамы етіп шығарады деп сенемін», – дейді Халық әртісі.

Мақпал ханым өзінің ашық айтқан ақиқатына Мирас пен Құралай еш өкпелемесін біледі.

«Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады. Мен өтірік күліп, өтірік мақтап, іштей қынжылып кеткім келмейді. Ханның қызында да болатын қателіктерді айту керек. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Сондықтан, бұған Мирас та, Құралай да ренжімейді. Керісінше, риза болады деп ойлаймын», – дейді қазақтың ерке қызы.

Айтпақшы, жуырда Мақпал Жүнісова өзінің сахналық кастюмдерінің бірін «Құралай» сән үйіне сеніп тапсырмақшы.

«Маған Құралай сыйлыққа көйлек тігіп беремін деп уәде етті. Өлшемдерімді айтып, көйлектің түрін ойластыру үшін сән үйіне баруға уақытым болмай жүр. Жуырда барып бірнеше көйлекке тапсырыс берсем деген ниетім бар. Бәрі тегін болады деп ойлап қалмаңыздар. Біреуін ғана сыйлыққа алсам, қалғанын ақшасын төлеп сатып аламын. Өйткені, мен әр жұмыстың еңбекақысы төлену керектігін жақсы білемін», – дейді Мақпал Жүнісова.

Мақпал Жүнісова да өнер мектебін ашуды армандайды. Бірақ, ол болашақтың еншісінде. Ал, қуанышты жаңалық болса біздің тілшіден алғаш болып сүйінші сұрауға уәде етті.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Әріптестері татуласқан Нұрлан мен Мұқасан үшін ерекше қуанды

Қарындастары Төреғалидың отбасылық өмірде қатал жан екенін айтты

Кенжебек: Әйелім желіде танымал боп кетсе, отбасым бұзыла ма деп қорқамын (фото, видео)

Мирас пен Құралай 4 түрлі себеппен Алматының төрінде дүркіретіп той жасады (фото)

Бүркіт: Мен опасыздықты кешіре алмайды екенмін

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар