Қарындастары Төреғалидың отбасылық өмірде қатал жан екенін айтты

Дүбірлі тойдан кейін Төреағалидың кезекті құпиясын соңынан ерген қос қарындасы ашты. Фариза және Дина Төрәліқыздарымыз деп өздерін таныстырған бұрымдылар мектеп қабырғасында білім алып жүргендерін айтады. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген арулар бұл жолы түздегі хитменнің үйдегі қызықтарын және қыздары жайлы тың ақпараттарымен бөліспек ниетте.

«Әрдайым ағалық ақыл-кеңестерін айтып отырады. Қатты көңіл бөледі, қатал десекте болады. Тіпті, шашымызды қидыртпайды. Соның өзінен қаншалықты қатал екенін біліп тұрған шығарсыздар. Ағамыз бізге уақыты болмаса да көңіл бөлуге тырысады»,  – дейді Төреағалидің Фариза есімді үлкен қарындасы.

Бүгінде бала күтімімен үйде отырған Толқынға дәл осы екі қыз көмектеседі. Қолдары қалт етсе, Төрештің кішкентай ханшайымдарын бағу Фариза мен Динаға жүктелген екен.

«Жалпы, Томирис пен Тоғжан мені ерекше жақсы көреді. Өйткені, менің оларды қатты жақсы көретіндерімді сәби жүректері сезеді ғой. Екеуі әзірдің өзінде бір нәрсе айтсаң бірден қағып алады. Кішісі маған қатты ұқсайды. Үлкені әпкеме ұқсайды», – дейді хитменнің кенже қарындасы Дина.

Уақытының басым көпшілігін әнсапарда, өзге қалаларда, тойларда өткізетін Төрештің жұмыс кестесіне қос қызы әлдеқашан үйреніп алған. Тіпті, әкелерінің ұшаққа отыратынын, өлең айтып нәпақасын тауып жүргенін бала жүрегі сезетін болған. Бірақ, осы уақытқа дейін жұбайы мен қос қызын жасырған ағасының қылығын түсіне алмай жүр…

«Төреғалидың балалары жоқ деп айтуға ұяламын. Себебі, бар адамды жоқ деп қалай айтасың. Негізі жасырған дұрыс емес. Ол сұрақты қойса қашып кетеміз. Бұдан былай жасырмаймыз. Иә, біздің Томирис пен Толқын есімді кішкентай, тәтті сіңілілеріміз бар», – дейді Фариза Төреәліқызы.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.


Жіберіп алмаңыз:

Мирас пен Құралай 4 түрлі себеппен Алматының төрінде дүркіретіп той жасады (фото)

Бүркіт: Мен опасыздықты кешіре алмайды екенмін

Төреғалидің ата-енесі 3 жылға кешігіп жасалған тойға қатысты пікір білдірді

Айдана Меденова алғаш рет жолдасы Әлішердің бірінші әйелі жайлы ашып айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар