Мирас пен Құралай 4 түрлі себеппен Алматының төрінде дүркіретіп той жасады (фото)

Иә, жұлдызды жұп Мирас пен Құралай Алматының төріндегі мейрамханалардың бірінде дүркіретіп той жасады. Аталмыш тойдың сыйлы қонақтарының қатарында Stan.kz тілшісі де болып, әсерлі кештен әдемі сұхбат дайындады.

«Бұл кешке біз ұзақ дайындалдық. Іштей қобалжу мен қорқыныш болды. Бірақ, Аллаға шүкір бәрі керемет басталды. Күткен қонақтарымыз бен әріптестеріміз де келіп жатыр. Көңілдерінен шығып, бәрінің ризашылығына бөленеміз деген үміттемін» деп ағынан жарылды Мирас мырза. Расымен де, бұл әдемі кешке бір емес, бірнеше себеп бар. Ендеше, бәрін рет-ретімен баяндаймыз.

Бірінші жаңалық – Алматы қаласындағы жаңа өнер студиясының ашылуы.

«Бұған дейін бір өнер студиясы жұмыс істеген. Әлі де бар. Алайда, халықтың сұранысы бойынша қаланың ортасынан ашуды жөн көрдік. Әрине, шәкірт тәрбиелеу оңай емес. Үйдің іргетасы қандай болса, үйде соншалықты мықты болады. Өнерді таңдаған баланың да тағдыры солай. Бүгіннен бастап білімді әрі алғыр, сауатты өнерпазды дайындайтын болсақ, ол болашақта мықты өнер адамы болады. Осы мақсатпен еңбек етудеміз. Мектепте өз ісінің шеберлері сабақ береді. Болашақта шәкірттеріміз халықаралық байқауларда бақ сынап, жүлделі оралады деп сенеміз. Қазақстанның әр өңірінен мектеп ашуды армандаймыз», – дейді жұлдызды жұп.

Ал, әзірге Мирас пен Құралайдың өнер студиясы Алматы, Семей және Ақтөбе қалаларында жұмыс істеуде.

Екінші себеп – су жаңа бейнебаян. «Мәңгілік сыңарым» деген әнге лайықты бейнеклип сюжеті мен жанрын отбасылық жұп ұзақ ойланған.

«Қазір бейнебаяндардың түр-түрі бар ғой. Халықты таңғалдыру қиын. Өзгелерге ұқсамайтындай ерекше болғанын қаладық. Режиссерлер түрлі идея алып келеді. Маған ұнай қоймайды. Өзім өмірлік мағынасы бар, жастарға сабақ болатын сценарий болғанын қаладым. Нәтижесінде бүгін көрген нұсқаға тоқтадық. Бұл бейнебаянның басты ерекшелігі кульминациясы басында. «Сендер ешқашан сәбилі болмайсыңдар» деп басталады клип. Бірақ, ертеңіне сеніп, үміт үзбеген жастарға тағдыр егіз ұл сыйлайды. Бәлкім, қарапайым әрі жиі кездесетін сценарий болып көрінетін шығар. Алайда, бұл бейнебаян біздің өмірімізге ұқсас. Біз Құралай екеуміз талай қиындықты көрдік. Қазір сырт көзге сондай әдемі, бақытты, бақуатты болып көрінетін шығармыз. Дегенмен, өткенімізге көз жүгіртсек, бүгінімізге жету оңай болмаған. Сол қиындыққа сынбауға, бір-бірімізге демеу болуды үйрендік. Аллаға шүкірліктер етемін”, – дейді Мирас.

Берекелі отбасының басты негізі – отанасы.

«Қыз мұраты – кету». Жат жұрттық қыз келін болған кезде көп нәрселерге мән беріп, дайын болуы керек. Бақытты боламын деп емес, бақытты етемін деген ұранды өмірлік ұстаным ету керек. Сол кезде оның психологиясы кез-келген қиындыққа дайын болады. Біздің үйдегі «асүйдің бастығы» әртүрлі сынақтарда маған демеу әрі серік бола білді. Отбасында бәрі керемет бола бермейді. Санқилы мәселелер болады. Солардың бәріне сабырмен қарап, мені де сабырға шақырып, көрегенділігін көрсете білді», – дейді Мирас.

 Мамамызға айтар алғысым көп.

«Егер мамамыз «Келіннің міндеті – асүйде. Тамағыңды істе, қонағыңды күт, балаңа қара, үйде отыр» десе, мен ешқайда асып кетпес едім. Ол кісі керісінше, маған шабыт беріп, қолдап отырды. «Екеуің бірге жүріңдер. Өнеріңді тастама» деп қанаттандырып отырды. Алыс сапарға кетсем де, балаларыма бас-көз болып отырады. Мен өзге әріптестерім секілді балаларымды ойлап, қатты уайымға салынбаймын. Себебі, жанында өздерінің әжелері бар. Ақжаулықтының тәрбиесін көрген бала – өнегелі болады. Оның үстіне, балалар маған емес, әжелеріне ерекше жақын. Жақсы көреді. «Енемен тұрудан қорқамын» дейтін келіндерге айтар едім шошудың еш қажеті жоқ. Ене деп емес, анам, мамам деп мейіріммен қарасаңыздар өзара тіл табысу да оңай болмақ. Мысалы, бүгін біздің мамамыз «балаларымның бастамасына шашу шашамын» деп тілеулес болып келіп отыр», – дейді Құралай ағынан жарылып.

 Үшінші сүйінші жаңалық – «Құралай» сән үйінің іске қосылуы.

«Барлық әйел әдемі болуға, мақтау естуге лайықты. Қазіргі кезде барлық әдемі киімдер тал шыбықтай майысқан, арық қыздарға арналған ғой. Өзім сияқты ірі, сүйікті арулар біраз қиналады. Осы проблеманы шешу мақсатында жаңа тігін салонын ашуды жөн санадым. Басты айырмашылығымыз – үлкен өлшемді киімдер киетін әйел адамдарға арналған киімдер тігелетін болады. Бүгін өздеріңіз алғашқы топтамамызға куә боласыздар. Ең алғашқы клиентім – Қарагөз Тілеубекова құрбым болды», – дейді Құралай.

 Иә, бұл кеште «Құралай» сән үйінің алғашқы көйлектерін өнер жұлдыздары көрсетті. Олардың қатарында Қарагөз Тілеубекова, Дана Махамбетова, Майра Ілиясова, Шахизада сынды өнер тарландары болды. Аталмыш жұлдыздарға өздері киіп шыққан әдемі көйлектерді «Құралай» сән үйі сыйға тартты.

Төртінші жаңалық: жаңа үнтаспаның тыңдарманға жол тартуы.

«Үнтаспаны табыс көру мақсатында шығармадық. Ғаламтор дамыған заманда үнтаспадан пайда көрем деп ойлау ақымақтық болар. Басты мақсатымыз, ертеңгі ұрпаққа мұра, мирас болып қалса дейміз. Үнтаспаның түсаукесер рәсімін қазақтың ерке қызы Мақпал апамызға табыстадық», – дейді Мирас.

Иә, сүйінші жаңалығы көп жұлдызды жұптың қуанышына ортақтасу үшін әріптестерінің ат тұяғы қалыспастан жиналды. Олардың қатарында кеше ғана той жасаған Төреғалидің әкесі Төреәлі Төлепов, келінін халыққа актриса ретінде таныстырған Гүлзира Айдарбекова, үнемі БАҚ өкілдерінен қашып жүретін Әйкерім Қалаубаева, екінші бөпесін күтіп жүрген Динара Қырықбаева, «Музарттың» кенжесі Кенжебек Жанәбілов, жұлдызды жұп Ерлан мен Баян, Әділ мен Дана, Ғани мен Бота секілді өнер иелері болды.

Мұнымен, жағымды жаңалық бітпейді. Отбасылық жұп барша өнерсүйер қауымды желтоқсанда Республика сарайында өтетін жеке кешіне шақырады.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Бүркіт: Мен опасыздықты кешіре алмайды екенмін

Төреғалидің ата-енесі 3 жылға кешігіп жасалған тойға қатысты пікір білдірді

Айдана Меденова алғаш рет жолдасы Әлішердің бірінші әйелі жайлы ашып айтты

“Қалаулым” қатысушысы Ислам: Шынармен азаматтық некеде тұрсам, анам мені ұрып өлтіреді

Төреғали тойына қатыспаған екі қызы туралы айтты

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар