Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүркіт: Мен опасыздықты кешіре алмайды екенмін

Жуырда Бүркіт “Апан” атты экшн жанрындағы фильм түсірген болатын. Бұл – әншінің кино саласындағы алғашқы туындысы. Аталған фильмнен кейін актрисалардың бірінің шаңырағы шайқалды деген қауесет тараған-ды. Алайда әнші мұны жоққа шығарып отыр. Мұнымен қатар, ол сезімін білдіруге асығатын қыздар мен отбасындағы опасыздыққа қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

– Жуырда түсірген фильміңіздің мақсат-мұраты не?

– Әрине, біз де өзге әріптестеріміз секілді бірінші кезекте жастарға үлгі болып, аз да болсын тәрбие беруге ұмтыламыз. Қазіргі жастардың көбісі экшн жанрын жақсы көреді. Ішінде атыс-шабыспен, ұрыспен қатар жүректі қарып өтер махаббаттың болғанын қалайды. Ал мен түсірген фильмде бес-алты адамнан құрылған жас компания Астанадан Бурабайға жол тартып, демалыстарын сол жерде өткізуді жоспарлайды. “Мен” деген азаматтардың қиындыққа тап болған кездегі шынайы бейнелерін көресіздер. Жаңағы жастарды колониядан қашқан екі қылмыскер кепілдікке алады. Жалпы өте қызық кино. Оны орыс тілінде түсірдік. Бірақ, кейін қазақ тілінде де тамашалау мүмкіндігі болады.

– Фильмге қажетті қаражатты толықтай өз тарапыңыздан шығардыңыз ба?

– Тек өзім емес, жақын достарым да көмектесті.

– Осы фильмнен кейін басты рөлді сомдайтын Айым Алтынбекованың шаңырағы шайқалды деген қауесет рас па?

– Ер басыммен біреудің отбасына кірігіп жатқаным арыма сын болар. Шыны керек, олардың арасында қандай жағдай болғанын әлі күнге дейін білмеймін. Бірақ, жуырда бұл қауесетті мен де естідім. Айтарым біреу – Айымның шаңырағының шайқалуына бұл фильмнің еш қатысы жоқ. Олар фильмге дейін ұрысып, ажырасып кеткендерін естіп едім.

– Айша екеуіңіздің телехикаяға түсіп жатқандарыңызды естіп едік. Білуімше, бұл келіншегіңіздің алғашқы рөлі. Түсірілім ойдағыдай өтті ме?

– Өкінішке орай, Айша ауруханаға түсіп, бүгін уәде еткен сұхбатқа келе алмады. Әйтпесе, түсірілімнен алған әсерін өзі жақсылап жеткізетін еді. Біз түскен телехикая “Өз үйім” деп аталады. Негізгі кейіпкерлер – Аша мен Арман, Жазира мен Жанболат, Құдайбергеновтер отбасы және біз. Комедия жанрында түсірілгендіктен, өте қызық болатынына сенімдімін.

– Ер адамды “еркек” деген атқа лайық қылатын бір қасиетті атаңызшы.

– Барлық ер адамға бірінші кезекте төзімділік тілейтін едім. Әйелмен сөз таластырып, көп сөйлеп жатудың еш қажеті жоқ. Қазіргі жастар төзімсіз келеді. Кішкене қиындыққа тап болса, ажырасып, бала-шағасын тастап қашады. Отбасынан өзінің қара басын артық көреді. Ер азаматқа бұл ұят нәрсе. Некелі жұбайыңа үйленуге ұсыныс жасаған соң, барлығын бірге көтере білу қажет.

– Отбасылық өмірде нені кешіре алмайтын едіңіз?

– Қандай себеппен жасалса да, опасыздықты кешірмейтін едім. Мұндайды құдай басқа бермесін. Ер азамат үшін бұл ауыр нәрсе. Жасалған опасыздықтан кейін ар-намысың тапталып қана қоймай, атақ-абыройыңнан айырыласың.

– Қайда қыдырып барсаңыздар да, әлеуметтік желіге тек сапалы суреттер саласыздар. Желі қолданушылары тарапынан “Өздеріңізбен бірге фотограф алып жүресіздер ме?” деген сауал болып еді. Расымен де, бұл кәсіби деңгейдегі суреттердің құпиясы неде?

– Өзімізбен бірге арнайы фотограф алып шыққан кезіміз болмаған.  (Күлді.) Бірақ, әр істің сапалы болғанын қалайтынымыз рас. Бұл суреттердің құпиясы қымбат маркалы телефонда болып отыр.

– Отандық бағдарламалардың бірінде қыздардың жігіттерге бірінші болып сезім білдірулері қатты сыналған болатын. Бұл мәселеге келгенде сіздің пікіріңіз қандай?

– Сын айтқан халықпен толықтай келісемін. Бұл мен үшін де жат нәрсе. Бірақ, қазіргі заман ағымын де ескеруіміз керек. Ол заманауи өзгерістерді бір айналып өте алмаймыз. Қазіргі қыздар өздерін тым еркін ұстайды. Ғашықтың сезімін бүкпестен жайып салады. Қызға сөз салуға батылы жетпейтін жігіттердің бар екенін де ұмытпайық. Тіпті, кей отбасыда әйел ер адамның жұмысын жасап, отбасын ақшамен қамтамасыз етіп отырады. Яғни бұл қоғамда қызмінезді жігіттер бар, керісінше батыл қыздар бар. Сол себепті, сезім білдіру мәселесін ситуацияға қарап шешу керек.

– Көптеген әріптестеріңіз сұхбат басталмастан, белгілі бір сұрақтарға тыйым салады. Журналистер тарапынан сізді мезі еткен сұрақ бар ма?

– Жоқ, керісінше мен барлық сұраққа ашықпын. Әрдайым жауап беруге дайынмын.


Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан өзін “ажырасқан әйел” деп атаған блогерге ұрсып тастады

“Ұят”: Үш баласы бар Лидо “батыл” суретін жариялады (фото)

Айдана Меденова алғаш рет жолдасы Әлішердің бірінші әйелі жайлы ашып айтты

Серік Ибрагимов Еркеге жауап ретінде “Бар-бар” деген ән шығарды (видео)

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр