Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан өзін “ажырасқан әйел” деп атаған блогерге ұрсып тастады

Ерке Есмахан “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасы кезінде өзін “ажырасқан әйел” деп атаған блогерге деген ренішін білдірді. Сондай-ақ, Ерке өзін өнерде жүрген әріптес жігіттермен қоса беретін жұртқа деген базынасын айтты, деп жазады Stan.kz. 

“Еркенің екінші күйеуі”, “Ажырасқан Ерке”, “Екінші некесі” дегені не ол? Мысалы, маған ұнамайды ондай сөздер. Осылай айтқан блогердің даусы маған түрпідей естіліп тұр. Қазақтың қызы деп сыйлап, астарлап айтсаңыздар дұрыс болар еді негізі. Көрермендер де ренішімді байқап отырған болар”, – деді Ерке тікелей эфир барысында.

Ерке Instagram парақшасында өнердегі серілермен түскен суреттерін жиі жариялайды. “Алайда бұл мені олармен жұптастырып қоюдың себебі емес” деп ренішін білдірді әнші тыңдармандарына.

“Мен қайнап жатқан өнердің ішіндемін, әріптестерім жігіттер болады, қыздар болады. Тойға барамын, онда да жігіттер-қыздар бар. Инстаграмға қарасаңыз бәрі: “Осы Ерке жігіттермен жабысып суретке түскіш-ақ. Анау болып еді, енді мынау қалды ма”, – деп шығады. Жуырда Қуандық Рахыммен бірге ән айтып шығып едік, “Қуандыққа жабыстың ба?” – деді. Жақында ғана Орал қаласында үлкен бал болып еді, сол жерде Димаш Құдайбергенов өзімнің жерлесім. Біраз уақыттан бері көріп тұрған Димашпен суретке түсіп салсам: “Енді Димашпен жабысып түсті”, – деп жазды. Мен жүріп-жүріп, соларды тауып алғандай, білмеймін, түсінбеймін мен”, – деп ренжіді Ерке әнші.

Жіберіп алмаңыз:

“Ұят”: Үш баласы бар Лидо “батыл” суретін жариялады (фото)

Айдана Меденова алғаш рет жолдасы Әлішердің бірінші әйелі жайлы ашып айтты

Серік Ибрагимов Еркеге жауап ретінде “Бар-бар” деген ән шығарды (видео)

Шу тұрғыны тікелей эфирде Ерке Есмаханға жүрегін ұсынды (видео)

 

Талқылау